Металлопрокат

Каталог продукции

Бүгінгі таңда ТКШЖ дүниежүзінде келесі салаларда кеңінен қолданылады: пайдалы қазбаларды өндіру, металлургия, машина құрастыру, химия және энергетика өнеркәсібі және т.б. Біздің компанияның негізгі бағыттарының бірі – ҚР бойынша сапалы тау-кен және шахта жабдықтарын жеткізу болып табылады.

Біз өндіруші зауыттармен тікелей жұмыс жасаймыз, соған байланысты кең ауқымды ассортиментті ұсынуға дайынбыз: бұрғылау қондырғылары, тау-кен жабдықтары және машиналар, тау-кен және шахта кешендері, сүзу жабдықтары және т.б.

Бұрғылау жабдықтары және құралдары

Бұрғылау жабдығы – бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған машина құрастыру өнімдерінің кешенін білдіреді. Негізгі түрлеріне жатады:

  • Бұрғылау білдектері – пайдалы қазбаларды игеру барысында ұңғымаларды бұрғылау үшін қолданылатын платформада орнатылған машиналар.
  • Перфораторлар, пневмоұрғыштар – тау жынысын қопарып бұзуға арналған қол жабдығы.
  • Бұрғылау құралдары – оларға қашаулар, қаптамалар, қарнақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тау-кен және шахта жабдығы, тау-кен техникасы

Инженерия және әр түрлі өнеркәсіпте қолданылады. Тау-кен және шахта жабдықтары төмендегідей жіктеледі:

  • Шахталық – жүк көтергіш жабдық (көтермелер, жүкарбалар), тау жыныстарын тиейтін және жеткізетін машиналар және т.б.
  • Карьерлік – үйгіштер, қаттауыштар, ЭКН және ЭШ экскаваторлары және т.б.
  • Байытқыш – електер, сепараторлар, гидроциклондар және т.б.
  • Тасымалдау – өнеркәсіптегі жұмыстың тиімділігін арттыру үшін, мұндай жабдықтың әр түрін қолдану қажетті шарт болып табылады, ол шикізатты және материалдарды қажетті пайдалану жеріне дейін тасымалдау, барлық процестерді механизациялау үшін арналған. Тасымалдау жабдықтарына конвейерлер, жеткізгіштер және т.б. жатады.

Біздің компания жабдықтың өзін, сондай-ақ оған қажетті бөлшектерді де жеткізуді ұсынуға дайын.

Сүзгіш жабдық